vivo – Қытайда (Дунгуань, Шэньчжэнь, Нанкин, Бейжің, Ханчжоу және Чунцин), Үндістанда, Индонезияда және Америка Құрама Штаттарында (Кремний алқабы мен Сан-Диего) орналасқан өндірістік базалары мен ғылыми-зерттеу орталықтары бар әлемдік смартфон өндірушісі. vivo құрылған кезінен бастап бірнеше жыл ішінде Қытайда, Үндістанда және Оңтүстік-Шығыс Азияда (Индонезия, Малайзия, Вьетнам, Тайланд, Мьянма және Филиппин аралдары) ашылып, ең ірі смартфондар нарығында өз позициясын мойындатты. 2017 жылы vivo Гонконг, Макао, Тайвань, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, сондай-ақ Таяу Шығыс сияқты аймақтарда кеңеюін жалғастырды.
●Қызметкерлердің жалпы саны > 40 000 | ●Орташа жасы – 29 | ●Ең жас директордың жасы – 29 | ●Ең жас менеджердің жасы – 23 |
Қызметкерлерді оқыту және дамыту
vivo өз қызметкерлерінің білімін шыңап, дамыту өте маңызды деп санайды. Қызметкерлерге көптеген оқу курстары, қызметтік мансаптың өсу жолдары мен біліктілікті арттыру сияқты керемет мүмкіндіктер ұсынылады.
|
|
|
Табыс және сыйлықақы
Қызметкерлерге бәсекеге қабілетті төлемдер мен жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету үшін, vivo жыл сайынғы салалы төлем мен жәрдемақы нарығының зерттеу жұмыстарына қатысады. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі қызметкерлердің қатысуға мүмкіндігі бар, көрсетілген нәтижеге негізделген сыйлықақы жүйесін енгіздік. Ең жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлер үшін жоғарғы шегі белгіленбеген бонустық жүйе мен бірегей оқыту жүйесін ұсынамыз.
●Іссапар шығындарын өтеу | ●Тегін медициналық сақтандыру | ●Демалыс жәрдемақылары |
●Ойын-сауық және спорт шаралары | ●Қызметкерлер тұратын жерінің төленуі | ●Туған күн және демалыс сыйлықтары |
●Үйге берілетін субсидиялар | ●Тамақтану шығындарын өтеу |
●Жаңа қызметкерлерге арналған жәрдемақылар |
●Тимбилдинг қоры | ●Айлық жалақы + жыл аяғында берілетін бонус + акция/опцион |
Жұмыс мәдениеті
vivo – жас әрі жылы шырайлы қызметкерлерден құралған үлкен отбасы. Біз иерархияға емес, әрекеттерге назар аударамыз. Барлық қызметкерлерге өзін-өзі дамытуға толық еркіндік пен кеңістік беріледі.
Корпоративтік мәдениет
Бұрынғыдан да мықты, ұзақ мерзімді корпорацияға айналу
Ұйымшылдық, топтық рух, ең жоғары сапа, үздіксіз білімді шыңдау, инновация, клиенттің қажеттілігін назарға алу
●Клиенттерге: жоғары сапалы өнімдер ұсыну және жоғары деңгейлі қызмет көрсету
●Қызметкерлерге: бір-біріне деген құрметпен үйлесімді жұмыс ортасын құру және сақтау
●Бизнестегі серіктестерге: өзара тиімді, әділетті, тең құқылы ынтымақтастық алаңын құру
● Акционерлерге: Инвестициялардың орташа деңгейден жоғары табыстылығын қамтамасыз ету
Жұмыс ортасы
Біз қызметкерлерімізді ыңғайлы жұмыс ортасымен қамтамасыз етеміз. Қызметкерлеріміз үшін әртүрлі қолайлы жағдай жасалған: дәмді тағамдар мен атмосферасы керемет қызметкерлер кафесі, кең баскетбол алаңы, заманауи спорт залы, үстел теннисі бөлмесі және бассейндер. vivo-дағы өміріңіз ұмытылмастай болуы үшін барлық жағдайды жасаймыз.
|
|