2022 жылдың 25 қаңтары
Компания 2021 жылды өзінің жаһандық желісіндегі алты жаңа нарықпен және инновациялық өнімдер мен бренд әріптестіктеріндегі маңызды жетістіктермен аяқтайды.
Жаһандық смартфон өндірушісі vivo бүкіл әлем бойынша пайдаланушыларға қызықты жаңа өнімдер мен ерекше тәжірибе жеткізуге күш-жігерін екі есе арттырып, тамаша жылды тәмәмдады. 2021 жылы пайдаланушыға бағытталған инновациялық стратегияны басшылыққа ала отырып, vivo мобильді фотосурет пен өнім дизайнының шекараларын едәуір ығыстырып, озық құрылғыларды сәтті іске қосты. Компания алты жаңа нарыққа кіруді атап өтті, бұл оның жаһандық қатынасуын кеңейтудегі маңызды қадам және бірнеше негізгі аймақтардағы нарық үлесі бойынша үздік үштікте қалды.
Жыл бойы vivo дүниежүзілік тұтынушылар базасы үшін қуанышты сәттердің себепкері болу үшін жаһандық серіктестермен бірігіп, әлемдегі ең танымал спорттық іс-шараларға демеушілік жасады.
Төменде 2021 жылы vivo компаниясы қол жеткізген маңызды кезеңдер көрсетілген.
Жаһандық пайдаланушылармен және серіктестермен байланыс
2021 жылы vivo жаһандық отбасына алты жаңа нарық қосылды: компания ресми түрде Перу, Чехия, Румыния, Австрия, Сербия және Мексика нарықтарына шықты. vivo 60-тан астам елдер мен аймақтарда өзінің жаһандық қатынасуын тұрақты түрде кеңейтіп, әртүрлі қажеттіліктер мен бюджеттерге бейімделген инновациялық өнімдер арқылы пайдаланушылардың кең ауқымымен сәтті әрекеттесуде.
vivo әлемдік технология нарығындағы жетекші сараптаушы Gartner мәліметтері бойынша үшінші тоқсанда жаһандық смартфондар нарығында төртінші орынға ие болып, 2021 жыл бойы қарқынын сақтап қалды. «Көбірек жергілікті, көбірек жаһандық» стратегиясы және дара ұсыныстар арқылы vivo Филиппинді, Малайзияны және Үндістанды қоса алғанда, негізгі шетелдік нарықтардағы смартфондар нарығының алғашқы үштігінде орнын сақтап қалуда.
Өнімдер мен нарықтарды жергіліктендіру стратегиясының бөлігі ретінде vivo Қытайда, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда және басқа аймақтарда жыл сайын шамамен 200 миллион смартфон шығаратын жеті өндірістік базаны (оның ішінде уәкілетті өндірістік орталықтарды), сондай-ақ тоғыз негізгі аймақтық нарықта өнімді зерттеу топтарын құрды. vivo бөлшек сауда торабы да дүние жүзінде 380 000-нан астам сату және сатудан кейінгі қызмет көрсету орталықтарымен кеңейіп келеді.
Сонымен қатар, vivo компаниясының бірінші дәрежелі пайдаланушы тәжірибесін қамтамасыз ету ынтасы сандық экожүйенің шетелде айтарлықтай кеңеюіне әкелді: ай сайын 120 миллионнан астам App Store қолданбасындағы белсендірулер, 10,7 миллиард қолданбаларды жүктеп алулар және 100 миллионнан астам vivo браузер пайдаланушыларына жетті.
Сонымен қатар, vivo халықаралық серіктестермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастарды басқару үшін стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырды. 2021 жылы vivo аты аңызға айналған ZEISS оптикалық компаниясымен стратегиялық серіктестік орнатып, vivo флагмандық смартфондарына серпінді мобильді фотосурет технологиясын енгізді. vivo мен ZEISS арасындағы стратегиялық серіктестік vivo компаниясының белсенді өсу серіктестігінің құндылығын көрсетеді.
Смартфондар саласында инновациялардың шекарасын ілгерілетуде жаңа белестерге жету
Бұрын тек кәсіби фотографтарға ғана қолжетімді болған фотосурет мүмкіндіктерін қарапайым смартфон пайдаланушыларына қамтамасыз ету мақсатымен 2021 жылы vivo және ZEISS компаниялары кәсіпқой мобильді фотосуреттің жоғары технологияларын жақсартуды жалғастырды.
ZEISS компаниясымен орнатылған серіктестік арқасынла vivo кәсіби деңгейдегі X Series камерасымен мобильді фотосурет әлеміне жаңа өзгерістер әкелді. vivo және ZEISS бірлесіп шығарылған бірінші фотосуреттерді өңдеу жүйесі 2021 жылдың басында vivo X60 Series смартфондарында іске қосылды. X60 Series смартфондары vivo компаниясының пайдаланушыға бағытталған инновациялық технологияларын ZEISS компаниясының тамаша мобильді фотосурет тәжірибесімен біріктірді, брендтің қыркүйек айында әлемдік нарыққа X70 Series смартфондары шықты. Смартфондар сериясы vivo әзірлеген бірінші V1 фотосуреттерді өңдеу чипімен жабдықталған, ол өңдеу қуатын оңтайландыруға көмектеседі. Сонымен қатар X70 Series смартфондары vivo компаниясының ZEISS-пен мобильді фотосурет түсіру тәжірибесін арттыру үшін жаһандық серіктестігінің келесі тарауын ашады. Бүкіл vivo X70 смартфондары ZEISS T* жабынына сәйкестік туралы сертификатына ие, ол кез келген жарықта шынайы түстерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, аз жарықта өнімділікті айтарлықтай жақсарта отырып, шашыраңқы жарық пен елес эффектісін азайтады. Бұған қоса, vivo смартфондарының керемет Night Mode режимі динамикалық диапазоны бар фотосуреттерді егжей-тегжейлі түсіреді, ал ЖИ алгоритмдерімен және vivo бағдарламалық жасақтамасымен толықтырылған жоғары деңгейлі аппараттық құрал түнде оңтайлы өнімділікті қамтамасыз етеді.
2021 жылы vivo V Series смартфондарының шығуымен смартфондар әлеміндегі селфи камераларының деңгейін одан әрі көтерді. Жаңа V21 топтамасы оптикалық кескінді тұрақтандыру (OIS) функциясы бар бірегей алдыңғы камерасы өзге селфи камералары үшін жаңа стандартты орнатты. vivo V Series смартфондары пайдаланушыларға бәсекеге қабілетті бағамен 5G технологиясы мен "ақылды үй" мүмкіндіктерін қоса алғанда, ең жақсы функциялары бар аса жіңішке және сәнді құрылғыларды ұсынады.
vivo компаниясының тәуелсіз қосалқы бренді iQOO жаңа өнімділігі жоғары флагманды шығару арқылы бүкіл әлем бойынша пайдаланушы сегменттерін кеңейтуді жалғастырды. iQOO 7 series тамаша мобильді ойын және мультимедиялық ойын-сауық тәжірибесін арттыру үшін ең озық аппараттық құралдарды таңғаларлық бағдарламалық құрал мүмкіндіктерімен біріктіреді. 2021 жылы iQOO 7 Legend компанияның пайдаланушыға бағытталған дизайн философиясы үшін кеңінен танылған қуатты өнімділік пен жылдамдықты қамтамасыз ететін бірегейлік пен эстетика үшін беделді Red Dot Product Design Award марапатына ие болды.
Инновациялық өнімдерді ұсынумен қатар, vivo шетел нарықтарында 5G дамуына үлкен үлес қосты. Осы жылы vivo жетекші аймақтық ұялы байланыс провайдері AIS-пен серіктестікте Қытайдан тыс жерде SA 5G желісінің алғашқы коммерциялық сынауын өткізді. Бұл ынтымақтастық Таиландтағы SA 5G желісінің коммерциялық таралуын жылдамдатады және жергілікті мобильді пайдаланушыларды жоғары жылдамдықты 5G қосылымымен қамтамасыз етеді. vivo өнімді іске асыру кезеңіне жету және осы технологияны пайдаланушыларға жеткізу үшін 5G коммуникацияларына инвестиция салуға тырысады. 5G өнеркәсіптік деңгейде де, тұтынушылық деңгейде де шексіз қолданбаларды дамыта алатыны айтпаса да түсінікті.
Қуанышты және шабыттандыратын сәттерді тойлау
2021 жыл бойы vivo пайдаланушылар сүйсіне қарайтын спорттық іс-шаралар мен қиын жылдан кейін шабыттандыратын және қуанатын жобаларды қолдау үшін жаһандық ұйымдармен серіктес болды.
Еуропаға деген ұзақ мерзімді қызығушылығының бөлігі ретінде vivo UEFA ұйымының UEFA EURO 2020™ ашылу және жабылу салтанатының тұңғыш өкіл серіктесі ретінде қосылды, онда vivo өзінің пайдаланушыға бағытталған инновациясын дүние жүзіндегі миллиондаған көрермендерге көрсетті. Дода басталмас бұрын vivo жанкүйерлерді ойын кезіндегі толқулар мен сәттерді түсіруге шақырған «Көркем сәттерге ұмтылыс» науқанын жариялады.
Компания FIFA Arab Cup Qatar 2021 додасының эксклюзивті смартфон демеушісі болып, бүкіл әлемдегі футбол жанкүйерлерімен байланысу арқылы спорттық іс-шараларды қолдауды жалғастырды. Таяу Шығыс аймағы жергілікті тұтынушылармен өзара әрекеттесу үшін керемет мүмкіндік береді әрі vivo үшін маңызды нарық болып табылады.
vivo үшін өтіп жатқан жылдың маңызды оқиғаларының бірі National Geographic-пен серіктестікте басталған VISION + Mobile PhotoAwards 2021 байқауы болды. Жаһандық смартфон фотосуреттер байқауына 40-тан астам елден 384 878-ден астам фотосурет жіберілді. Мобильді фотосуреттің жаңашылы ретінде vivo пайдаланушыларды шығармашыл болуға және мобильді фотосуреттің дамуы мен оны әлем мойындауын жеделдетуге ұмтылады. VISION + Mobile PhotoAwards VISION + жобасының кеңірек экожүйесі аясында әзірленген. Бұл бастама фотосуреттерді бірлесе түсіріп, ағартушылықпен айналасуға және эстетикалық зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.
2021 жылы vivo әзірлеушілер конференциясында vivo компаниясының аға вице-президенті Ши Юцзян сөйлеген сөзінде былай деп атап өтті: «2021 жыл vivo үшін маңызды өзгерістер жылы, өйткені біз сапалы өнімді өндірушіден технологиялық даму және дизайн философиясына негізделген революциялық өнім өндірушіге айналдық». Пайдаланушылар мен қоғамның білімі мен түсінігіне сүйене отырып, vivo мобильді фотосуреттің шекарасын ығыстырып, дизайн негізінде керемет өнімдер жасай отырып, өзін технологиялық инновацияларға арнауды жалғастырады. vivo әр түрлі пайдаланушы базасының қажеттіліктерін қанағаттандыратын технологиялық жетілдірілген және креативті өнімдерді жасай отырып, пайдаланушыларымен бірге дамуда.